Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста кезекті жеңісін Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қаза болған балалардың рухына арнайтынын айтты.
«Кеше елімізде қайғылы жағдай болды. Қанша сәбиімізден айырылып қалдық. Алла тағала олардың жанын жәннаттық қылсын. Мен осы жеңісімді сол сәбилердің рухына арнағым келеді. Өте өкінішті», - деді Қанат Ислам жеңісінен кейін рингте.
Сондай-ақ, боксшы ел басқарып отырған азаматтарға үндеу жасады.
«Біздің елім, жерім дейтін, елді басқарып отырған ағаларымыздың құлағына алтын сырға: қарапайым халықпен бірге болыңыздар. Аспанға ұшып кетпеңдер. Аяқтарың аспаннан салбырап түскен жоқсыздар. Бәрің біз секілді екі уақыт тамақ жеп, екі уақыт дәретханаға баратын адамсыңдар. Әрқашан да халықтың қамын жеңдер, кім болсаң да. Қарапайым халқым, мен әрқашан да сіздермен біргемін. Жеңісім әрқашан сіздер үшін. Аман болыңыздар. Осы дерттен бәріміз аман-есен өтейік», - деді Қанат Ислам.