Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге Қазақстанда ауыл шаруашылығына араналған жерлерді сатып немесе жалға алуға тыйым салуды тапсырды.
«Халқымыз үшін жер мәселесі әрқашан өте маңызды болды. Бұл біздің мемлекеттігіміздің берік іргетасы, қасиетті символы. Мен Қазақстан жері шетелдіктерге сатылмайтынын бірнеше рет айттым. Бұл мәселе туралы қауесетті тоқтату керек», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Президент бұл мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдағанын айтты.
«Бірінші кезекте шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығына арналған жерді сату мен жалға беруге тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдік акциялары бар заңды тұлғаларға да қатысты.
Мен мұны шұғыл түрде Президенттің заңнамалық бастамасына айналдыру керек деп шештім. Президент Әкімшілігі бұл мәселе бойынша тиісті заң жобасын әзірлеуі керек», - деді Тоқаев.