Mazir
27 фев 21:58korilim:895 Sayasat / Qazaqstan

Түркістанда бес адам иіс тиіп көз жұмды


27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам: 1980 ж, анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балаларға иіс тиіп қайтыс болды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысатыны анықталды, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған.

Облыс әкімі оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды. 

«Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: