Mazir
01 мар 09:00korilim:321 Sayasat / Qazaqstan

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. 

«Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. 

Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз. 

Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Мен баршаңызға Отанымыздың өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Бәріміз бірге әділетті қоғам құрып, мемлекеттілігімізді орнықтыра түсеміз деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды23:08Найзағай, шаңды дауыл: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды17:48Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады15:33Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады12:39«Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы»11:32Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды10:35Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге 17 миллиардтан астам қаражат жұмсалады17:05Вакцина салдырғандар үшін карантин шектеулері жеңілдетілді16:36UFC-де тағы бір қазақ жекпе-жек өткізеді14:33Қазақстан мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартты13:48Бибігүл Төлегенова министрдің отставкасы туралы: «Бізді лас ойынға араластырып, мазақ етті!»12:02«Коронавирус, кет, кет, кет»: Шымкенттегі тойда ұсталған Марат Омаровтың басы дауға қалды11:48Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады10:33LRT-ні бұзып тастағаны рас па?17:41КХДР жаңа ядролық сүңгуір қайық жасап шығарды16:07