Mazir
04 мар 14:48korilim:199 Sayasat

Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды

Алтынбек Нухұлы Наурыз мерекесін тойлау күндерінде елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этнос өкілдеріне қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімін дәстүрге айналдыруды ұсынды. 

Бұл туралы депутат Үкіметке жолдаған сауалында айтты. Алтынбек Нухұлы әз Наурызды тойлауға қатысты бірнеше ұсынысын жария етті. Сенат депутаты еріктілердің белсенді қатысуымен өтетін «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясы секілді шараларының маңызын атап өтті. 

Депутаттың айтуынша, Наурыздың идеялық мазмұнын балалар мен жастар аудиториясына әлеуметтік желі және өзге де кеңістіктегі шаралар арқылы сіңірудің мәні айрықша. Сенатор өз сауалында ұлттық құндылықтардың насихаты мен рухани даму, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру тақырыбындағы өзекті ойларын ортаға салды. 

«Заман талабымен үндесетін бұқаралық шараларды өскелең ұрпаққа, қастерлі Отаның мен отбасыңа, туған топырағына сүйіспеншілікпен насихаттау маңызды. Сол үшін жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үшін аумақтарды абаттандыру, бұлақтардың көзін ашу мен ағаш отырғызуды дәстүрге айналдыру қажет. Оңтүстік өңірлерде Наурыз мерекесінде және мұндай акцияны қолайлы климат кешірек келетін солтүстік өңірлерде кейінірек ұйымдастыру қажет деп санаймыз», – деді Алтынбек Нухұлы.

Дереккөз: 24.kz

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды23:08Найзағай, шаңды дауыл: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды17:48Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады15:33Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады12:39«Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы»11:32Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды10:35Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге 17 миллиардтан астам қаражат жұмсалады17:05Вакцина салдырғандар үшін карантин шектеулері жеңілдетілді16:36UFC-де тағы бір қазақ жекпе-жек өткізеді14:33Қазақстан мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартты13:48Бибігүл Төлегенова министрдің отставкасы туралы: «Бізді лас ойынға араластырып, мазақ етті!»12:02«Коронавирус, кет, кет, кет»: Шымкенттегі тойда ұсталған Марат Омаровтың басы дауға қалды11:48Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады10:33LRT-ні бұзып тастағаны рас па?17:41КХДР жаңа ядролық сүңгуір қайық жасап шығарды16:07