Mazir
10 мар 11:40korilim:768 Sayasat

Нығматулин: Қырғызстанмен жаңа келісім заңсыз көші-қон деңгейін төмендетеді

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Депутаттар Қазақстан мен Қырғыз үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. 

Нұрлан Нығматулин заң жобасын талқылау кезінде осыдан бір апта бұрын Қырғыз Республикасының Президенті елімізге мемлекеттік сапармен келіп, қос мемлекет басшыларының екі елдің аумағы арқылы азаматтар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы мен транзиті үшін келісілген шаралар қабылдаудың маңыздылығы туралы айтқанын атап өтті.

«Бұл заң жобасы екі ел үшін де өте маңызды. Себебі, біздің мемлекеттеріміздің өзара әріптестігі барлық салада өте тығыз. Мысалы, былтыр Қырғызстаннан біздің елімізге 250 мың азамат келген болса, ал қырғыз еліне Қазақстаннан 175 мың азамат барған. Мәселені нақтылап айтқанда, елдеріміз арасындағы көші-қон мәселесін дұрыс реттеу үшін осы Келісімді ратификациялап отырмыз», – деді Мәжіліс төрағасы. 

Палата Спикерінің айтуынша, аталған келісімді ратификациялау заңсыз көші-қонға қарсы күресте екі ел ынтымақтастығының, көші-қон процестерін реттеудің, қос азаматтық фактілерінің жолын кесудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Дереккөз: Мәжілістің баспасөз қызметі


Басу
mebeverine without prescription - order colospa pills pletal where to buy

diclofenac 100mg sale - order voltaren 100mg sale aspirin 75mg without prescription

buy generic rumalaya over the counter - buy rumalaya generic order generic elavil 10mg

mestinon over the counter - sumatriptan 25mg pills buy azathioprine 50mg generic

order isotretinoin online - isotretinoin 20mg price buy zyvox 600 mg for sale

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: