Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Қазақстан «Sputnik V» өндіру технологиясын бірінші алды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «аталған вакцинаны дайындау әдісін ең алғаш Беларусь Республикасы алды» деген ақпаратты осылайша жоққа шығарды. Келесі айдан бастап Қарағанды зауытында 600 мың екпе шығарылады.
«Екпе өндіру технологиясын біз былтыр желтоқсан айында алдық. Біз ноу-хау өндірушіден субстанция алып, оны жетілдіреміз. Бұл үлкен процедура. Ал сәуір айында қазақстандық вакцина шығара бастаймыз. Сондай-ақ қазақстандықтарда екпе бойынша кең таңдау болады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Цойдың айтуынша, қазіргі таңда шамамен 59 мың азамат екпе алды. Бұл қарқын тек үдей түспек. Індет жұқтыру қаупі жоғары мамандарды вакциналау күзге дейін жалғасады. Сондай-ақ әлемдік өндірушілерден де препараттар сатып алу жоспарлануда
«Вакцина шығарушы әлемдік бренд өкілдерімен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мәселен, «Модерна», «Пфайзер», «АстраЗенека» және «Джонсон әнд Джонсон» компаниялары бар. Жуырда жеткізілім көлемі мен мерзімін нақтылаймыз», - деді Алексей Цой.
Ақпарат көзі: 24.kz
Басу