Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
You Tube желісінде белгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелдің сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында феминизм туралы айтылды. Сондай-ақ, бір жыныстылармен қалай күресу керек екенін де айтты.
«Феминизм деген түсінік біздің қоғамға керек пе», деп сұрады Нартай Аралбайұлы.
«Біз феминизмнен өтіп кеттік. Феминизмнің көкесі Совет үкіметі кезінде болды. Әйелдерді мақтап-мақтап тракторға отырғыздық, шахтаға түсірдік. Әйелдер әлі күнге дейін қақаған суықта теміржолдың бойында жүр, шаң көшелерді сыпырады. Феминизм деген осы – әйел мен еркектің теңдігі. Бұдан бірінші әйелдер зардап шекті. Шын мәнінде, әйел мен еркек тең бола алмайды. Ғ. Мүсірепов айтады ғой: ең жаман деген әйелдің қолынан дүниеге адам әкелу келеді. Ең супер еркектің өзі мұны жасай алмайды. Оларды теңестіру деген мүмкін емес», - деді Омар Жәлел.
Бір жыныстылыққа шақырғандармен қалай күресу керек?
«Әрбір қазақ отбасында ұлттық дүниетаным салтанат құрса, мұндай болмас еді. Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру керек. Бірінші орында білім емес, мінез тұруы керек. Қазір бізде білім бірінші орында. Абай айтады: жапа-жалғыз білімнен бақ шықпайды. Құдайдың өлшеусіз білімін түсінбеген адам құр білімімен бақытты бола алмайды. Әлиханның сөзі бар ғой, жұрт ойлайды мұратқа білім жеткізеді деп, ол зор адасқандық. Ұлтқа қызмет ету мінезден дейді. Егер балаларымыз жастайынан пайдалы білім алса, мұндайға ұрынбас еді», - деді абайтанушы.
Дереккөз: Nartay Aralbayuli
Басу