Mazir
16 июн 10:36korilim:647 Sayasat / Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев ИЫҰ ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне қатысады

Бүгін, 16 маусымда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Берік Уәли мәлімдеді

«Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу» атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді. Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ», – деп жазды Берік Уәли.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: