Mazir
17 июн 19:34korilim:632 Sayasat / Qazaqstan

«2023 жылдан кешікпеуі керек»: Тоқаев Қазақстанда жаңа зауыт салуға тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент газ тасымалдау жүйесін жаңғырту үшін Үкімет пен Қорға, экспорттан, тіпті, жекешелендіруден түсетін табыстарды қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін іске қосуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы үш жылда еліміз бойынша  сұйытылған мұнай газын тұтыну деңгейі екі еседен астам өскен.

«Тек Маңғыстау облысында автокөліктердің 90 пайыздан астамында сұйытылған газ пайдаланылады. Өңірдің негізгі газ жеткізушісі Қазақ газ өңдеу зауыты болып табылады. Оның негізгі құрал-жабдықтарының 90 пайызы тозған. Зауыттың апаттық жағдайларға байланысты тоқтап қалуы халықты газсыз қалдыруы мүмкін. Осы ретте Қазақ газ өңдеу зауытының базасында салынатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын кешіктіру экономикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік жағынан да қауіп туғызады. Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Жаңа зауыт 2023 жылдан кешікпей пайдалануға берілуі тиіс», – деді Мемлекет басшысы.


Сурет:akorda.kz

Басу
cheap generic lasuna - buy generic himcolin how to get himcolin without a prescription

buy gabapentin for sale - how to buy nurofen order sulfasalazine 500 mg online cheap

buy diclofenac without prescription - how to buy aspirin order aspirin generic

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: