Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі құқық» атты қазақстан-француз форумына қатысып, интернет-алаяқтық саны өскенін мәлімдеді.
Министр интернет-технологиялар саласындағы қылмыстарға жеке тоқталды. Бұл қылмыс түрінің күрт көбеюіне әлемдегі короновирустық пандемия ықпалын тигізгені анықталды.
«Онлайн-қызметтердің дамуымен интернет-алаяқтықтардың саны 2,3 есеге өсті. Осыған байланысты, ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығының құрылымында тек осы қылмыстарды ашумен айналысатын арнайы топтар құрылды», - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының полиция қызметінің тиімділігін арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үшін ведомство процестерін цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы айтты.
Басу