Mazir
22 июн 11:00korilim:716 Sayasat / Жаңалықтар

Бұрынғы вице-министрлердің ісі қайтадан сотқа өтті


Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұрынғы вице-министрлері Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековтың ісі қайтадан сотқа өткен. 
«Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотына экс-вице-министрлер Жақсалиев пен Сәдібековтың тарапына қозғалған қылмыстық іс түсті. Олар және олардың сыбайластары Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазартуға бөлінген 2 миллиард 680,7 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражатты жымқырды деп айыпталуда», - деп жазылған сот мәлімдемесінде. 
Бұрын аталмыш істі орын алған құқықбұзушылықтарды жөндеу үшін прокурорға қайтарған еді. Бірнеше сараптамадан өткен іс бұрынғы айыптау бойынша сотқа өтіп отыр. Тек «жымқырды» деген қаражат көлемі 778 миллион теңгеге азайған. 

21 маусым күнгі тыңдау барысында тараптар құқықбұзушылықтардың жөнделмегенін алға тартып, істі прокурорға қайта қарауға жіберуді талап етті. Сонымен қатар, адвокаттар қылмыстық іс-әрекеттердің орын алмағанын айтып, тергеуді тоқтатуды сұрады. 

Сот адвокаттардың сұранысына негіз жоқ екенін айтып, оны қанағаттандырудан бас тартқан. Негізгі сот отырысы 28 маусым күні сағат 10:00-ге жоспарланған. Отырыс ашық режимде өтеді. 

2018 жылдың наурыз айында мердігерлік ұйымның басшысымен өзара келісім жасап, Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бағытталған мемлекеттік қаражатты ждымқырды деген күдікпен бұрынғы Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков ұсталған. 

2018 жылдың маусым айында бұрынғы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев те мердігерлік ұйым қызметіне қатысты қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін үйқамаққа алынған. 

Екі шенеунік те мемлекет мүлкін өз пайдасы үшін пайдаланып, бей-берекет жұмсағаны үшін айыпталды. 2020 жылдың шілде айында қылмыстық іс жіберілген құқықбұзушылықтарды түзету үшін прокурорға қайтарылған. 
Басу
buy benemid generic - tegretol price buy carbamazepine 400mg pill

brand diclofenac 50mg - cheap diclofenac order aspirin 75 mg online cheap

Nothing beats the rush of road hazards — bet small or go big, then decide when to secure your multiplier wins! Hidden traps keep every crossing tense and unpredictable. Provably fair + massive max wins = pure adrenaline!

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: