Mazir
26 июн 23:02korilim:840 Sayasat / Onir tynysy

Алматы облысында полковниктің қызметтік көлігіне оқ атылды


Алматы – Талдықорған тас жолының бойында белгісіз адам аймақ полициясының басшыларының бірі отырған қызметтік көлікке оқ атқан. Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, ресми ақпарат берді. 

Полиция полковнигіне жасалған қастандық туралы ақпарат Kozachkov offside Телеграм-арнасында жарияланған еді. Тараған ақпаратқа сенсек, қару нысанасына іліккен азамат Алматы облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары полковник Ержан Оразбеков. Range Rover маркалы қызметтік көлікке Кербұлақ ауданының территориясындағы Арқарлы асуы тұсында екі рет оқ атылған. 
«Кербұлақ ауданына қарасты Жоламан ауылынан 10 шақырым жерде департамент басшысының бірінші орынбасары Оразбеков  Range Rover маркалы қызметтік көлігімен Hyundai Santa Fe маркалы көлігін айналып өтіп бара жатқан кезде екі рет оқ атылған. Нәтижесінде қызметтік көлікке зақым келген. Қазіргі уақытта оқ атқан азаматтардың тұлғасын анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деп жазды жазба авторы. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: