Mazir
03 июл 14:11korilim:397 Sayasat / Qazaqstan

Өзбекстан билігі әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынды

Өзбекстан бірнеше әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойды. Елдің ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы мемлекеттік инспекциясы (Узкомназорат) осылай деп мәлімдеді. 

Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңды талаптардың бұзылуына байланысты бірқатар әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қойылды. 

Gazeta.uz Узкомназоратта қандай әлеуметтік желілерге қатысты шектеу шаралары қолданылғанын нақты айтылмайды, деп жазды. Департаменттің баспасөз қызметі де ектеу қойылған әлеуметтік желілерді атаудан бас тартты. Пайдаланушылар Twitter, TikTok және ВКонтакте желілерінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын хабарлады. 

Сондай-ақ, басылым Узкомназорат мамыр айында Mail.ru Group (ВКонтакте), Twitter және Tencent (WeChat) әлеуметтік желілерінің иелеріне Өзбекстан азаматтарының жеке деректері ел ішінде өңделетін серверлер орналастыруды сұрағанын атап өтті.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: