Mazir
06 июл 10:20korilim:579 Sayasat / Qazaqstan

Назарбаев: Әр нәрсенің нағыз бағасын беретін – уақыт

5 шілде күні «Қазақстан» ұлттық арнасында  «NUR-SULTAN. ҚОЛТАҢБА» деп аталатын деректі фильм жарық көрді.

Сұхбатта Нұрсұлтан Назарбаев саяси тәуекелдерге бару себептерін, сонымен бірге елорда халқының болашақтағы шекті саны, келешекте қала тұрғындарына жасалатын игіліктер мен қала құрылысына қатысты жаңа жоспарлар туралы баяндайды.

Сұхбат барысында Қазақстанның тұңғыш президенті өз арманы туралы айтты. 

– Ең басты жетістік – тәуелсіздікті орнаттық. Тәуелсіздікті орнату үшін елдің бірлігі, қолдауы керек еді. Сол бірліктен ажырамасақ, біз әлі талай биіктерді алатын боламыз. Біздің халқымыз, келер ұрпағымыз осы тәуелсіздікті бағалап, көзінің қарасындай сақтап қалатын болса, сол үлкен арманның орындалғаны болады. Мемлекет құрдық одан артық қандай арман керек. маған осындай жүк артылды, халқым сенді, қолымнан келді, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Астананың болашағы туралы айтқан Елбасы әр нәрсенің нағыз бағасын беретін нәрсе уақыт еткенін жеткізді. 

– Егер арман болмаса өмір сүру қандай. 20-30 жылдан кейінгі Астананы келер ұрпақ көрер. Астана әрі қарай өсе береді, өоркендей береді. Қала халқы 2-3 млн болып, үлкен қалалардың ішіне кіреді. Мәдениет, өнер, ғылым, мамандар үлкен қалаларда болады. Еуропа мен Азияның арасындағы үлкен қалалардың бірі болса, арманым сол. Балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз көреді. Әр нәрсенің нағыз бағасын беретін – уақыт. Адамның да, істің де бағасын уақыт береді, – деді Н. Назарбаев.  

Басу
buy lasuna without prescription - cheap generic diarex order generic himcolin

purchase besifloxacin generic - buy generic besifloxacin for sale buy sildamax pills for sale

buy probenecid 500mg without prescription - order generic probenecid 500 mg buy carbamazepine medication

order celebrex 100mg - indomethacin order order indocin 50mg online cheap

isotretinoin 10mg pill - cost decadron 0,5 mg buy generic linezolid 600 mg

order prednisolone 40mg generic - cost azithromycin 500mg progesterone canada

domperidone 10mg drug - tetracycline 500mg uk order flexeril without prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: