Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия қызыл аймақтағы аймақтарда карантиндік шектеулерді күшейту шараларын қабылдады.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен мына мекемелердің жұмысын тоқтайды:
Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
жабық жағажайлар мен аквапарктер қызметі.
Демалыс және мереке күндері мына қызметтерге тыйым салу туралы шешім қабылданды:
қоғамдық көлік;
Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер;
Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония, компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, көрмелер;
Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілерді;
Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерін (спорт кешендерін, спорт мектептерін, спорт клубтарын, жаттығу залдарын);
білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балалар даму орталықтары;
Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорт.
Жұмыс күндері мына қызметтерді шектеу тапсырылды:
Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, SPA-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер 20.00-ге дейін;
СОСО, сауда үйлері, сауда желілері Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан 18.00-ге дейін;
20.00-ге дейін Ashyq жобасына, 18.00-ге дейін Ashyq жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану объектілері, тамақ өнімдері.
Соңында вице-премьер мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясынан вакциналаумен қамтуды арттыруды нақты тапсырды.
Басу