Mazir
26 июл 17:16korilim:513 Sayasat / Qazaqstan

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша ондыққа кірді


Әлемдегі коронавирустық жағдайды зерттейтін американдық мамандар Қазақстанды соңғы тәулікте ең көп ауру тіркелген 10 елдің қатарына қосты.

Жаңартылған мәліметтер (ақпарат көзі – АҚШ-тағы Джон Хопкинс университеті) әр 100 мың тұрғынға статистикаға сүйене отырып, әлемде қанша адам коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарлайды.

Осылайша, Қазақстан жетінші орында. Франция, Гватемала, Ұлыбритания, Малайзия және басқа мемлекеттердегі жағдай біздің елге қарағанда нашар. Бірінші орында Куба тұр. Мексика алғашқы ондықты жапты.

Пандемияға қатысты Қазақстанның жағдайы Аргентина, Иран, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Парагвай, Түркия, Беларуссиямен салыстырғанда сәл жақсы.

Сонымен қатар, Қазақстан бір апта ішінде коронавирус өлімі бойынша 17-орында тұр. Жағдай Ресей, Куба, Аргентина, Эквадор, Иран, Индонезия, Чили, Малайзия елдерімен салыстырғанда Қазақстаннан аз адамдар Беларуссияда, Руандада, Ауғанстанда, Таиландта, Қырғызстанда, Перуда, Непалда, АҚШ-та қайтыс болған.

Еске салсақ, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 6637 жаңа жағдайы анықталды. Бұл ауру мен пневмониядан 90 адам қайтыс болды.

Еліміздің барлық дерлік өңірі «қызыл» аймақта. Түркістан ғана «сары» аймақта.
Басу
buy cheap lasuna - diarex drug buy himcolin without a prescription

order generic pyridostigmine 60mg - buy imitrex 50mg for sale order imuran 50mg without prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: