Mazir
13 сен 09:51korilim:412 Sayasat / Halyqaralyq

Радикалдық топ жетекшісі үндеу жасады


Әл-Каида радикалды тобының жетекшісі (Қазақстанда тыйым салынған) Айман әз-Завахири 11 қыркүйектегі террактың 20 жылдығына байланысты үндеу жасады.

Радикалды сайттарды бақылайтын SITE барлау тобы видеоның 12   қыркүйекте шыққанын айтты. Әз-Завахири«Аль-Сахаб» тобының медиа тобы дайындаған 61 минут 37 секундтық видеоға түсірілген. 

Онда әз-Завахри «Иерусалим ешқашан еврейлердің иелігінде болмайды» деп мәлімдеп, «әл-Каида» шабуылдарын, оның ішінде қаңтар айында Сириядағы орыс әскерлеріне жасалған шабуылды жоғары бағалады.

Әз-Завахири 20 жылдық соғыстан кейін американдық әскерлердің Ауғанстаннан шығарылғанын атап өтті, бірақ тәліптердің Ауғанстанды басып алғанын айтпады.

2020 жылдың соңында әз-Завахири өлді деген ақпарат пайда болды, бірақ бұл ақпарат расталмады.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: