Mazir
22 сен 10:53korilim:364 Sayasat / Halyqaralyq

«Талибан» ұйымы БҰҰ-ға үндеу жасады


Радикалды «Талибан» ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілдері БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясында сөз сөйлеуге ниетті екенін білдірді. Бұл туралы кеше БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі мәлімдеді. 

Оның айтуынша, «Талибан» қозғалысының атынан келген хатта 15-тамыздан бастап Ашраф Гани Ауғанстан президенті қызметінен кеткен және қазір ол елде мойындалмайды. Сәйкесінше, бұрынғы билік тұсындағы Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің ендігі уақытта бүкіләлемдік ұйым алдында ел атынан сөйлеуге құқы жоқ. 

Радикалды ұйым мүшелері хатта ендігі уақыттағы Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ретінде Мохаммад Сохаил Шахин кандидатурасын ұсынған. 

Дюжарриктің айтуынша, қазіргі уақытта «Талибан» қозғалысының сұранысы акрредитациялық комитет қарауына жіберілген. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: