Mazir
24 окт 14:09korilim:375 Sayasat / Ekonomika

Өзбекстанда Президент сайлауы өтті деп есептелді


Өзбекстан Республикасында бүгін Президент сайлауы өтіп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша 11:00-де дауыс берген сайлаушылар жалпы сайлаушылардың 33 пайызын құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комитетінің төрағасы Бахром Кучкаров айтты. 
«Электронды жүйе деректері бойынша, сағат 11:00-де сайлау учаскелеріне 6 669 552 сайлаушы келді, бұл жалпы сайлаушылардың 33,6 пайызын құрайды», - деді Кучкаров. 
Жергілікті Заңға сәйкес, егер жалпы сайлаушылардың 33 пайызы дауыс берсе, сайлау өтті деп есептеледі. Сайлау учаскелері 20:00-де жабылады. 

Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, Өзбекстанда 19,86 миллион сайлаушы тіркелген, 10 760 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Азаматтар шетелде де дауыс бере алады: 49 мемлекетте 55 сайлау учаскесі және 316 жылжымалы пункт жасақталған. Сайлау қорытындысы дүйсенбі күні таңертең жарияланады. 

Елдегі бес партия да – Экологиялық,  «Миллий тикланиш», «Либерал-демократиялық», «Халықтық-демократиялық» және «Адолат» өз кандидаттарын тіркеді. Олардың арасында қазіргі президент Шавкат Мирзиеев те бар. 

Президент сайлауы Өзбекстанда 5 жылда бір рет өтеді. Өзбекстанда 2016 жылдың 4 желтоқсанында кезектен тыс сайлау өтіп, Шавкат Мирзиеев жеңіске жеткен. Елді 1989 жылдан бері басқарып келген 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында инсульттен қайтыс болған. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: