Mazir
04 ноя 12:19korilim:332 Sayasat / Жаңалықтар

Президент моноқалаларға байланысты нақты тапсырма берді

Моноқалаларда қанша қазақстандық тұрады? Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақпаратпен бөлісті.
«Қазақстанда 89 қала бар. Оның 27-сі немесе 30 пайызы моноқалалар. Мұнда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл біздің халықтың 8 пайызын құрайды. Бүгінде моноқалалар экономикамыздың дамуына зор үлес қосуда. Олар өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді», – деді Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған кеңесте.
Президент моноқалалардың ел экономикасына қосып жатқан үлесіне де тоқталды.
«Әсіресе моноқалалардың экономикасын әртараптандыру маңызды. Басқа салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу өте өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды дамыту бойынша нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: