Mazir
04 май 08:21korilim:898 Sayasat / Onir tynysy

Алматы көшелерінің қалай өзгеретіні айтылды


Төле би көшесін батыс бағытта ұзарту жұмысының бірінші учаскесі Яссауи көшесінен басталып, Әшімов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. 22 жер телімі сатып алынды.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі, жобаның мемлекеттік сараптамадан өткенін мәлім етті. 
«Бюджет қаржысына жер телімдері сатып алынды. Қазір Төле би көшесін батыс бағытта ұзарту жұмысы басталып кетті. Бірінші учаскесі Яссауи көшесінен басталып, Әшімов көшесіне дейінгі аралықты қамтымақ. Жобаны 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 270 жер телімінің 22 учаскесі сатып алынды», - деп жауап берді әкімдік.
2020 жылы Алматы Мобилділік басқармасының тапсырысымен құрылыстың жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ол тұрғындардың назарына ұсынылып, қоғамдық тыңдаудан өтті. Төле би көшесі жалпы 4,5 шақырымға ұзарады. Жоба екі учаскеге бөлінген: бірінші учаске Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін, ұзындығы 2,2 шақырым, екінші учаскесі Әшімов көшесінен басталып, қаланың шекарасына дейін созылады. 
Бұл аумақта ұзындығы 2,3 шақырым жол жасалмақ. Сондай-ақ әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, биыл мамыр айының соңына дейін Әуезов көшесін Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі ұзарту жұмыстары аяқталады. Оның ұзындығы 0,8 км, ені төрт жолақ болмақ. Сонымен қатар, биыл Н.Тілендиев көшесі мен Солтүстік айналма жолы солтүстік бағытта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзартылады. 
Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады. Сарапшылар жаңа көшелерді екі кезеңде салуды ұсынып отыр. Көшелердің бір бөлігі - 2025 жылға дейін, ал екіншісі - 2030 жылға дейін.
Басу
buy generic besivance over the counter - purchase sildamax generic cheap sildamax

buy diclofenac 100mg pill - cambia tablet order aspirin 75mg sale

order generic rumalaya - endep us order elavil 50mg online

pyridostigmine 60mg tablet - order imuran 25mg without prescription order azathioprine 25mg without prescription

order prednisolone 40mg pill - buy azithromycin 250mg sale prometrium 100mg without prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: