Mazir
13 май 19:24korilim:940 Sayasat / Qazaqstan / Жаңалықтар

Генерал Серік Күдебаев күдікті болып танылды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілер тізіміне енді деп хабарлады bairaq.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта облыстық Полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағымен «Ауыр зардаптарға алып келген қызметіндегі әрекетсіздік» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және оған Күдебаев Серік Мырзақұлұлы күдікті болып танылғанын мәлімдейміз», – делінген бас прокуратураның Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында.
Мұнымен қоса, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайтыны, «сондықтан қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін еместігі» айтылды.
Еске салсақ, бұған дейін ІІМ полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың Алматы облысы бойынша Полиция департаменті басшылығынан босатылуы туралы ақпарат таратқан. Ведомствоның мәліметінше, Күдебаев қызметінен өз еркімен кеткен.
«Серік Күдебаев биылғы жылдың 18 ақпанында өз өтініші бойынша Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылып, ішкі істер органдарынан босатылды», – деген министрлік.
Сәуір айының басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Бұған бас прокуратураның қадағалау органының Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҰҚК және Полиция департаменттері ғимараттарының, Алматы әуежайының қараусыз қалуына қатысты тексеру жүргізетіні туралы мәлімдемесі себеп болған. Сондай-ақ аталған органдардың басшылары күдікті деп танылғаны айтылған.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан «сары» аймаққа өтсе Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынады14:58Жеке куәлік алудың жаңа тәртібі енгізілмек15:48Тоқаев Бердымухамедовты «Алтын қыран» орденімен марапаттады15:43Сенат ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және цифрландыру туралы Заң қабылдады16:37Қазақстан АЭС салуда Оңстүтік Корея тәжірибесін пайдалануы мүмкін16:28Алтайдың Қатонында халықаралық айтыс15:3130 маусымда Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтеді09:48Шабдарбаев: Алтынбектің ісін Назарбаев тоқтатты13:29Қазақ – қай елде де тілімен қазақ...09:27Ермұрат Бапи Рысқалиевтың Назарбаевқа қатысты компроматты қалай пайдаланғанын айтты08:29Ерлан Қошанов әйелдердің зейнет жасын түсіруге байланысты пікір білдірді12:15Тоқаев РФ ұсынған жоғары дәрежелі орденнен бас тартты12:07Тоқаев Татарстан президентімен кездесті12:14Тоғжанов Қазақстандағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты11:50Біздің билік Жұмекенді білмейді-ау10:12