Mazir
15 июн 09:27korilim:885 Sayasat / Qazaqstan

Мәжіліс спикері қос палата отырысын шақырды


Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайты.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58 бабының 4 тармағына сәйкес, 2022 жылдың 20 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын», - деп жазылған құжатта. 
Бұдан бұрын Парламенттің қос палатасы 2022 жылдың 16 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасағанда бірлескен отырыс өткізген. 
Сондай-ақ, ертең – 16 маусымнан бастап Ұлттық құрылтай басталады. Құрылтай Ұлытау облысында өтеді. Ұлттық құрылтай Мемлекет басшысының ұсынысымен құрылған еді. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: