Mazir
17 июн 10:12korilim:412 Sayasat / Madeniet

Біздің билік Жұмекенді білмейді-ау


«Туған жерім менің Қазақстаным»
Ән ұран болмай тұрап-ақ, ұран ән болған құбылыс сипатты өлең. Бұл бір шумақ өлең бодан уақытта бостандық аңсатып, ұлтты ұйытып тұрды. 

Сөздің шынына көшсек «Туған жерім менің Қазақстаным» деген сөзді айтқан жалғыз ақын ол Жұмекен ғана. Мен деген еш бір қазақ ақыны тұтас Қазақстанды «туған жерім менің» деп айта алған жоқ. Ондай ойға жете алмады. Кешегі кіріптар шақтың өзінде кеудесіне қолын қойып тұрып, әр қазақ айтқан сөз ғой бұл. 
Туған жерін жырламаған ақын жоқ. Тұтас ұлттық территорияны туған жерім деген ақын жалғыз Жұмекен. Бұл ой, бұл сөз бір өлеңде ғана емес, Жұмекен жырларында жиі кезігеді. 
Шәмшінің әуендері өзі бір әлем екені анық. Ол – қаншама өлеңді өрге шығарды, қаншама ақынды төрге шығарды, оған дау бар ма?! Сөз бен әуеннің үйлесімі әнде жарыса шарықтап сана биігіне самғап кетіп жатады. Кейбірінде өлең, қай бірінде әуен көтереді. Тап осы туындыда өлең озып тұрғаны сөзсіз. Бір ғана актавадан аспайтын минор танальнстағы марш екпінді әуенді әуеге көтеріп тұрған да жыр құдіреті, азаттық аңсаған, қан тасытар рух құдіреті. 
Бұл әңгіменің бұлайша айтылуына Шәмші ағамыздың рухына «Еңбек ері» атағы берілуі себеп болды. Шәмшіге атақ бергені емес, Жұмекенді одан бөліп тастағаны себеп болды. 
Бұл жылы Қазақстанның Ұлттық Рәміздері қабылданғанына 30 жыл толып жатыр. Осыны себеп етіп, «Әнұран авторларын бөлмей-ақ, Жұмекенді де марапатқа қосайық» дейтін бір жігіттің, оның сонша сұрапыл ақын екенін білетін бір жігіттің билік маңында болмағаны ғой. 
Бұл билік Жұмекенді білмейді екен.
P.S. Жұмекеннің жүз өлеңін талдап қырыққа жуық мақала жазыппыз. Қып-қысқа біреуін постымызға қыстырып қоялық.
……….

Төбемде бұлттар жарысты,
Төменде оттар жанады.
Онан ұшқан әр ұшқын
Көкірегіме қонады.
Бұлақ-мезгіл сырғыса,
Мен тамырға тараймын.
Сынып түссе бір бұта,
Қабырғама қараймын.
Уа, туған жер шүкірсің!
Топырағыңа киелі
Бір есуас түкірсе,
Ол – бетіме тиеді...
Бүгінгі оқуға 7 буыннан тұратын  үш шумақ өлең ұсындық. Жарты минутта оқып өтесіз. Бірақ жарты тәлік малтып өте алмас сезім дариясына түсіп кетесіз. Өлең туған жер туралы топтамаларының арасындағы бір бөлігі ғана. 
Төбемде бұлттар жарысты,
Төменде оттар жанады.
Онан ұшқан әр ұшқын
Көкірегіме қонады.
Осы тұста ақын аспан мен жердің арасында жүрген секілді; бұлт пен топырақтың ортасындағы үлкен кеңістік сияқты. Төбесінде – бұлт, төменде – туған жердің оттары. Оның әр ұшқыны келіп ақын жүрегіне қонақтап жатады. 
Бұлақ-мезгіл сырғыса,
Мен тамырға тараймын.
Сынып түссе бір бұта,
Қабырғама қараймын.
Туған жердің төсінде бұлақ сырғиды. Бірақ ақынның бұл жерде айтып отырғаны МЕЗГІЛ, бұлақ емес. Мезгіл өткен сайын көркем, терең жырлары - сезімдері жүректерге орнығып, тамырларға тарайтынына сенімді кісінің сөзі ғой - бұл. Ақын жанының алқабында ақбұлақ мезгіл сырғып жатқанын қараңыз. 
Өлеңнің жетінші жолынан ақын мен туған жер – бір бүтін, параллель картина құрайды. Қараңыз: туған жердің бір бұтасы шырт етіп сынса, ақынның бір қабырғасы да сол сәтте үзіліп кеткендей. 
Келесі шумақта ақын өзінің бар болмысын өзін туған қасиетті топырақпен біртұтас сезінеді.
Уа, туған жер шүкірсің!
Топырағыңа киелі
Бір есуас түкірсе,
Ол – бетіме тиеді...
Бұл енді былайғы Жұмекен. Өлеңді Жұмекенше аяқтау, Жұмекенше түршігу, Жұмекенше түйсіну осылай көрінеді. 
Өлеңді баяу бір сезіммен оқып отырып «Бір есуас түкірсе, Ол – бетіме тиеді...» деген тұста селк етесіз. Сөз қуаты тамырларыңа тарап, туған жердің бетінен ақынды - оның ойлы, парасатты жүзін көргендей боласың.
Туған жерді, оның әр сүйемін өз бет жүзіндей көру – Жұмекенге тән ойлау. Бұл – Жұмекен поэзиясының ерекшелігі. 
Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңінде:
«Көңілдің күйі тағы да 
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағына,
Нәпсінің сынған қайғысын»,
 - деген жолдар бар еді. Осы шумақты кейде іштей қайталап оқып жүретінмін. Жұмекеннің мына үш шумағы, оның болмыс-бітімін тұтас еткен, туған жер мен адамның бет жүзін тұтастырып жіберген үш шумақ Абайдың осы өлеңіндегі қисынға, ішкі сезімдерді қиыстыруға ұқсап келетін секілді. Салыстырма үшін Абай шумағын да талдап өтейікші:
Абайдың төрт жол  өлеңінде де теңеу мен ойлау қабысып, ішкі сананың суреттерін қат-қабат қояды. Жеп-жеңіл оқылғанмен  санаға салмақ түсірерлік сан бояулы картина.
«Көңілдің күйі» бұл  өзі кейде адамның ішінде, кейде сыртында жүреді - ау. 
«Көңілдің күйі тағы да
өмірсіз жанның алды ішін» 
(Осы жерде »өмірсіз» болу өлу емес болғаны). 
«Аударды өлең жағына
Нәпсінің сынған »қайғысын».
Ақынның ішіне түскен «көңілдің күйі» оның қайғысын өлеңге аударды. Онда да »нәпсінің сынған қайғысын» (қайғының да сынығы мен бүтіні болғаны) енді төрт жолды қайта оқыңыз. Абай оқырман санасын төрт жолдан төрт тарапқа тартады. Жұмекеннің мына үш шумағы да дәл осы кейіпті. Туған жер төсінде елеусіз түкірініп өтіп бара жатқан »есуасқа» дейін елес беретін үш шумақ оқуға жеңіл, ойға ауыр.
Біздің осы оқып отырған өлеңімізге, осыншама асыл сезімдерімізге назар бөлмейтін, тебіренбейтін »есуастар» ол заманда болған. Бүгінде олардың қатары азайған жоқ. Ендеше өзіңізді Отан топырағымен, ұлан-байтақ даламен біріктіре ойлап көріңізші... бүкіл даланы мезгілімен, самалымен, желімен, онда жанған оттарымен өзіңізді біріктіріп ойлаңызшы... 
Сіз дәл қазір жұмекенше ойлап тұрсыз.
Жазира даламыздың бетінен ақынның дидарын – Жұмекеннің жүзін көріңіз.

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан «сары» аймаққа өтсе Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынады14:58Жеке куәлік алудың жаңа тәртібі енгізілмек15:48Тоқаев Бердымухамедовты «Алтын қыран» орденімен марапаттады15:43Сенат ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және цифрландыру туралы Заң қабылдады16:37Қазақстан АЭС салуда Оңстүтік Корея тәжірибесін пайдалануы мүмкін16:28Алтайдың Қатонында халықаралық айтыс15:3130 маусымда Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтеді09:48Шабдарбаев: Алтынбектің ісін Назарбаев тоқтатты13:29Қазақ – қай елде де тілімен қазақ...09:27Ермұрат Бапи Рысқалиевтың Назарбаевқа қатысты компроматты қалай пайдаланғанын айтты08:29Ерлан Қошанов әйелдердің зейнет жасын түсіруге байланысты пікір білдірді12:15Тоқаев РФ ұсынған жоғары дәрежелі орденнен бас тартты12:07Тоқаев Татарстан президентімен кездесті12:14Тоғжанов Қазақстандағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты11:50Біздің билік Жұмекенді білмейді-ау10:12