Mazir
17 июн 12:14korilim:205 Sayasat / Qazaqstan

Тоқаев Татарстан президентімен кездесті


Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстанның сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту перспективалары достық рухта талқыланды. Экономиканың маңызды секторларындағы бірлескен жобаларды Қазақстан аумағында жүзеге асыруға, еліміздің зауыттарын Ресей Федерациясының өндіріс жүйесімен қатар дамытуға баса мән берілді. 
Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында «КАМАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы қаралған. Кездесуге бұл компаниялардың да басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа ілтипат білдіре отырып, өзінің Татарстанға барған сапарын айрықша ықыласпен еске алды. Оның нәтижесі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін берді. 
«Уағдаластықтарымыздың қалай жүзеге асып, көздеген мақсатқа қалай қол жеткізіп жатқанымызды көріп отырмын. Бәрі де бақылауда деп айтуға болады, – деді Қазақстан Президенті. 
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресеймен көпжақты қатынасында маңызды орын алатын қазақ-татар байланысының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 
2021 жылдың қорытындысы бойынша Республикамен арадағы тауар айналымы 423 миллион доллар болды. Биылғы төрт айдың ішінде 143 миллион долларға жетті. Машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асып жатыр. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндік береді. 
Өз кезегінде Рустам Минниханов Петербург халықаралық экономикалық форум аясында кездесуге мүмкіндік туғызғанына ризашылығын білдіріп, татар компанияларының қазақстандық серіктестерімен ықпалдастық орнатуына қолдау көрсетіп жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. 
«Қазақстан компанияларының Ресей нарығына Татарстан арқылы кіруге мүмкіндік алуына пайдамызды тигізгіміз келеді. Толыққанды қолдау көрсетіп, ықпал етуге дайынбыз», – деді Татарстан Президенті.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан «сары» аймаққа өтсе Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынады14:58Жеке куәлік алудың жаңа тәртібі енгізілмек15:48Тоқаев Бердымухамедовты «Алтын қыран» орденімен марапаттады15:43Сенат ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және цифрландыру туралы Заң қабылдады16:37Қазақстан АЭС салуда Оңстүтік Корея тәжірибесін пайдалануы мүмкін16:28Алтайдың Қатонында халықаралық айтыс15:3130 маусымда Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтеді09:48Шабдарбаев: Алтынбектің ісін Назарбаев тоқтатты13:29Қазақ – қай елде де тілімен қазақ...09:27Ермұрат Бапи Рысқалиевтың Назарбаевқа қатысты компроматты қалай пайдаланғанын айтты08:29Ерлан Қошанов әйелдердің зейнет жасын түсіруге байланысты пікір білдірді12:15Тоқаев РФ ұсынған жоғары дәрежелі орденнен бас тартты12:07Тоқаев Татарстан президентімен кездесті12:14Тоғжанов Қазақстандағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты11:50Біздің билік Жұмекенді білмейді-ау10:12