Mazir
20 июн 08:29korilim:916 Sayasat / Qazaqstan

Ермұрат Бапи Рысқалиевтың Назарбаевқа қатысты компроматты қалай пайдаланғанын айтты


Белгілі журналист, «ДАТ» газетінің жетекшісі Ермұрат Бапи «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, бірқатар саяси мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді. 
Жылқышыбай Ермұрат Бапидың біршама уақыт бұрынғы видеомәлімдемесіне қатысты сауал қойып, Бергей Рысқалиевтың жігіттері Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші әйелдерінің бірін қалай ұрлап кеткені және сол келіншек арқылы Назарбаевқа «шантаж» жасағаны жайлы сұрады. 
«Бұл айтыла-айтыла көпшілікке белгілі болды ғой. Бұл 2019 жылдың қыркүйегінде болған оқиға. Сонда Назарбаевтың жас келіншегі, әлгі «балерина», сол күзетімен бірге сауда істеп келе жатқанда, Кимнің жекежайына жете бергенде Бергейдің адамдарына ұсталған. Бергеймен бірге Англияға қашып кеткен 40 шақты адам бар. Сол жерде қандай да бір «шантаж» жасайды. Қанда «шантаж» екенін нақты білмеймін. Видеоны маған телефоннан телефонға көрсетті, салып жібергенде сақтаушы едім. Сонда ана келіншек «мен әлемдегі ең бақытсыз әйелмін» дейді. Сол жолы Лондонға Сыртқы істер министрі Атамқұлов ұшып барды. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі және полиция келді. Полиция азаматтық іске араласпайтынын айтқан. Бергейді соттаған мерзім қалды да, дүние-мүлкін қайтарып берді. Бұл қалай сонда? Не үшін оған 17 жыл беріп отыр. демек, Назарбаевтың бір былығын біліп отыр. Бергейдің де әрекеті жақсы емес. Ол компраматты елдің мүддесіне емес, өз дүниесін қайтаруға пайдаланды», - деді Бапи. 

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: