Mazir
21 июн 13:29korilim:1 417 Sayasat / Qazaqstan

Шабдарбаев: Алтынбектің ісін Назарбаев тоқтатты


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Амангелді Шабдарбаев Nege.kz сайтына сұхбат беріп, бірқатар шындықтың бетін ашты. Шабдарбаевтың айтуынша, Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың өліміне билік жауапты. 
Сонымен қатар экс-төраға Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы бірқатар сырдың бетін ашты. Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірген қылмыскермен сөйлесіп, іске тереңдей бастағанда тоқтатқанын және қалай қоштасқанын, баласын қудалағанын айтты. 
«2010 жылы Нұрсұлтан Әбішұлымен қоштасқан кезде бір-бірімізге ауыр сөздер айттық. Ол кісінің алдына арызымды лақтырып тастап, есігін теуіп кетіп қалғанмын. Маған: «Сені қаматамын!», – дегенде, мен оған: «Қолыңнан келсе, істеп көр», – дедім. Одан кейін баламды да қудалады. Бірақ қазір оны айтпаймын. Құлаған адамды жұдырықтайтын әдетім жоқ. Қазір ол кісіні бәрі табалап жатқан кезде оларға қосылып жамандасам, кім болғаным?..» - дейді ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: