Mazir
31 авг 12:22korilim:2 611 Sayasat

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Дархан Сатыбалды Парламент Сенатының депутаты болған. 2010-2011 жылдары ҚР ҰҚК департаментінің бастығы болды. 2011-2013 жылдары - премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап екі жыл Шымкент қаласының әкімі, сонымен қатар 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Дархан Сатыбалды 2019 жылы наурызда Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған болатын.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: