Mazir
25 янв 10:54korilim:284 Sayasat

Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қатысушылар Президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге және т. б. бағытталған нормалар қарастырылған. 

Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады. 

Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген. 

Премьер-Министр Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды. 

Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.


Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін - Президент19:05Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді12:28Сайлау: Шетелде жүрген қазақстандықтардың 72,54% дауыс берді12:09Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйден үш адамның денесі табылды14:27Сенат спикері ұлттық қор қаражатына қатысты алаңдаушылық білдірді14:24Министр спортшы Шавкат Рахмновпен кездесті22:18Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде су басқан ауылдардан 240 адам эвакуацияланды – Юрий Ильин15:20Көрісу күні13:11Серік Күдебаев ауруханаға түсті13:12Қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті12:28Әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды11:12Банкроттыққа өтінім қабылдау басталады10:47Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?12:34Алматы - Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі09:29Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады15:14