Mazir
12 авг 12:41korilim:221 Sayasat / Halyqaralyq

Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстанда полимер және пластик пакет өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады. Бұл туралы заңға 10 тамызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Тыйымды бұзған жеке тұлғаларға – 10 мың сом (шамамен 114 доллар), заңды тұлғаларға 28 мың сом (315 доллардан астам) айыппұл салынады.

Пакетті тегін таратқандарға бірінші рет ескерту, екінші рет айыппұл салынады. Мұндай жағдайда жеке тұлғалар 1000 сом (шамамен 11 доллар), заңды тұлғалар 5000 сом (шамамен 57 доллар) айыппұл төлейді.

Бұл заң ресми жарияланған күннен бастап 15 күн өткеннен кейін Ыстықкөл облысының демалыс аймағында полимер пленкасынан жасалған пакетті және пластик бұйымдардың барлық түрін сатуға тыйым салынады.

Бұған қоса, Қырғызстанның ерекше қорғалған табиғи аумақтарында да пластик пакет мен оның өнімдерін қолдануға және сатуға тыйым салынады.

Қабылданған заңда тыйым салынған пластик бұйымдардың тізімі жасалған. Бұлар:

бір жолғы қолданыстағы пластик ыдыстың барлық түрі;
тамақ салатын бір реттік қап;
ПЭТ (полиэтилентерефталат, РЕТ) пластик бөтелкесі;
жұмыртқа салатын пластик ыдыс;
кофеге арналған пластик капсула.
Шектеу шаралары "полимердің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға бағытталған" деп жазылған хабарламада.
Басу
где добывают поваренную соль в россии https://webgraal.ru что случилось в 1896 году https://algoblogus.ru как правильно писать слово сделать или зделать https://fokusblog.ru чем характеризуется модификационная изменчивость роста объекта https://webpilyla.ru в чем измеряется падение реки

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: