Mazir
03 июл 10:17korilim:940 Sayasat / Halyqaralyq

Лукашенко: Президенттікке тойдым


Белорусь президенті Александр Лукашенко беларусь халқына орыстар мен украиндардың қызыға және қызғана қарайтынын айтты. Бұл туралы президент 3-шілде күні аталып өтілетін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мәлімдеді. 
Оның айтуынша, көрші мемлекет халқы беларусь халқының тыныш әрі қауіпсіз өмір сүріп отырғанына қызығады екен. 
«Өздеріңіз сияқты мен де өмірімнің басым бөлігін осы мемлекетті аяққа тұрғызуға жұмсадым. Қолдан келгенше жасадық. Жаман болмаған сияқты. Бастысы – біз соғыстан аман, тыныш әрі қауіпсіз мемлекетті өмір сүріп жатырмыз», - деді ол. 
Беларусь басшысы президенттік сайлауға тақтан айырылып қалуды қаламағандықтан қатысып жатпағанын мәлімдеді. 
«Мен президент ретінде өз қызметімді атқардым, тойдым», - деді ол.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: