Қытай Халық Республикасы Америка Құрама Штаттарында қабылданған «Гонконг автономиясы» туралы заңды талқылап, осы мәселеге қатысты америкалықтар мен америкалық ұйымдарға санкция енгізуге мүдделі екенін білдірді. Бұл туралы ҚХР СІМ мәлімдеді.
Біршама уақыт бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды Гонконгқа қарсы әрекеті үшін жауапкершілікке тарту туралы заң қабылдағанын, президенттік жарғы шығарғанын мәлімдеді. «Гонконг автономиясы туралы» заң алдымен өкілдер палатасында, шілде айының басында сенатта мақұлданып, президентке жіберілген. Құжат 1984 жылдан бері күшінде тұрған британ-қытай декларациясы мен ҚХР-дың Гонконгты ерекше әкімшілік аймақ ретінде қарастыратын негізгі заңын бұзған шенділер мен компанияларды жауапкершілікке тартуды көздейді.
«АҚШ-тың аталмыш заң жобасы Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігіне дақ түсіріп, Қытайға қарсы санкция жариялау арқылы халықаралық құқықтық ережелерді бұзып, Қытайдың ішкі саясатына араласу болып саналады. Қытай үкіметі бұл мәселені талқылап, қарсы шығуға шешім қабылдады», - деп жазылған мәлімдемеде.
Мәлімдемеде айтылғандай, Қытай билігі аталмыш заң жобасына қатысы бар азаматтар мен ұйымдарды санкция жариялау арқылы жазалауды, осылай өз қарсылығын көрсетуді жөн деп тапқан.
Басу