Mazir
27 июл 09:40korilim:1 447 Sayasat / Halyqaralyq

Германия «Үлкен жетілікке» Ресейді кіргізуден бас тартты. Неге?


Германия тарапы Ресейдің «Үлкен жетілік» форматына қайта оралуына қарсы екенін білдірді. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маас мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеудің бұл форматтан ығыстырылуына Қырым мен Украинадағы жағдай себеп болған. 
«Бұл мәселе әлі толық шешілген жоқ. Дегенмен, мен Ресейді қайта шақырудың ретін таппай отырмын», - деді Маас. 
Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамптың G7 саммитіне Ресей, Үндістан, Корея және Австралияны шақыру туралы ұсынысымен де келіспейтінін жеткізді. Министрдің сөзіне сенсек, саммитте жеті немесе жиырма мемлекеттің болуы ғана Берлин тарапын қанғаттандырады екен. 
«Үлкен жетілік» - бұл экономикасы дамыған жеті елдің (АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия және Канада) ұйымы. 1998 жылы формат құрамы Ресеймен толыққан. Бірақ Ресей Қырымды қайтарып алғаннан кейін клуб мүшелері Сочи қаласына келуден бас тартқан еді. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: