Mazir
21 авг 09:29korilim:1 168 Sayasat / Halyqaralyq

Еуропа мемлекеттері Навальный үшін алаң болып отыр


Омск қаласына шұғыл қонған ұшақтан аурухананың жансақтау бөліміне түскен ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды Германияға алып кетуі ықтимал. Бұл туралы Cinema fоr Peace ұйымының негізін қалаушы, кинопродюсер Яка Бизиль мәлімдеген. 
«Петр Верзиловтың өтініші бойынша біз 21 тамыз күні түнгі сағат 4:00 шамасында толық жабдықталған медициналық ұшақты мамандармен бірге жіберуге дайынбыз. Осы ұшақпен Алексей Навальный Германияға жеткізілуі керек», - деді Бизиль. 
Оның айтуынша, Берлин қаласындағы Charite клиникасы саясаткерге медициналық көмек көрсетуге дайын. 
«Егер Навальныйдың жағдайы ұшақпен жүруге жараса, оны таңертең Берлинге жеткізеді. Жанында әйелі де болады», - деді кинопродюсер. 
Бұл – Бизильдің бірінші белсенділігі емес. Ол 2018 жылы «Медиазона» интернет басылымының басшысы Петр Верзиловты да берлиндік клиникаға жеткізуге мұрындық болған. Осыдан екі жыл бұрын Верзилов та Мәскеуде уланып, жансақтау бөліміне түскен еді. 
Верзиловтың айтуынша, қазір Навальный тарапындағы жақтастарының барлығы оны берлиндік клиникаға жеткізуді дұрыс деп санайды. Әйелі де қарсы емес көрінеді. Ал Навальный құрған Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Омск қаласындағы аурухана басшылығы оппозиционердің құжаттарын бермей отырғанын мәлімдеді. 
«Біз аурухана басшылығынан оны басқа ауруханаға жеткізуге құжаттарды беруін және қарсыласпауын сұраймыз», - деп жазды Кира Ярмыш өзінің желідегі парақшасында. 
Ярмыштың мәліметіне сүйенсек, 20 тамыз күні Том қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан Навальный өзін жайсыз сезіне бастайды. Жағдай ауырлаған соң ұшақ Омск қаласына шұғыл қонып, саясаткер ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Жақтастарының сөзіне сүйенсек, ол әуежайда бір шыны ғана қара шай ішкен. Қазір Навальный өкпені желдеткіш аппаратқа қосылып, жансақтау бөлімінде жатыр. Көпшілік оны қасақана улады деп дау көтеруде. 
Басу
neurontin us - azulfidine ca purchase sulfasalazine without prescription

besivance without prescription - carbocysteine cost buy sildamax tablets

order pyridostigmine without prescription - order imuran order imuran 50mg without prescription

amoxicillin online order - buy ipratropium 100mcg sale buy ipratropium 100mcg pills

where can i buy zithromax - zithromax 500mg over the counter order bystolic 5mg without prescription

order prednisolone 40mg pill - progesterone ca progesterone 200mg over the counter

order acyclovir without prescription - buy allopurinol 300mg pill order crestor 20mg without prescription

purchase domperidone pills - order tetracycline generic buy cyclobenzaprine generic

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: