Mazir
11 сен 10:05korilim:1 054 Sayasat / Halyqaralyq

Коронавирусты емдеудің жаңа тәсілі табылды


Гелий-оттегі қоспасын ингаляциялау арқылы коронавирусты емдеу асқынған науқастарды өкпені жасанды желдету қондырғыларына деген қажеттілігін жояды. Бұл туралы Ресейдің иммунологтар ғылыми қоғамының президенті Валерий Черешнев мәлімдеді.

Ғалымның айтуы бойынша, COVID-19-бен ауырған 50 науқастың біреуі ғана гелий-оттегі қоспасымен жасалған ингаляциядан кейін өкпенің жасанды желдеткішін қажет еткен.

Ресей Ғылым академиясы, иммунология және физиология институтының ғылыми директоры өкпенің жасанды желдетілуі ағзаға айтарлықтай ауыр салмақ түсіретінін атап өтті. Пневмонияның кезінде, тыныс алу жағдайы күрт төмендегенде, 90-95 градусқа дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспасы жасанды желдетуден едәуір асып түседі.

Оның айтуынша, микробиологтар осындай ингаляцияға арналған қондырғыларды жетілдіріп, дем алатын және дем шығаратын бөлек жүйелерін жасауға шешім қабылдаған.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: