Mazir
27 сен 14:33korilim:1 235 Sayasat / Halyqaralyq

«Қарабақ дауы»: Қантөгіс болуы ықтимал


Армения Қарулы Күштері әзірбайжандық әскер мен Қарабақ маңындағы елді-мекендер бағытына оқ атуын жалғастырып келеді. бұл туралы Әзірбайжан президентінің көмекшісі, президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді. 
«Аремния Қарулы Күштері әзірбайжандық әскер мен фронтқа жақын жердегі елді-мекендерге оқ атуын жалғастырып келеді», - деді Гаджиев. 
Оның айтуынша, азаматтардың қаза тапқаны және жарақат алғаны, әскер қатарындағылардың зардап шеккені, азаматтық инфраструктура мен тұрғын үйлерге зақым келгені туралы ақпараттар расталып отыр. 
«Әзірбайжан Республикасы кезекті әскери қақтығыстардың алдын алу үшін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданады», - деді ол. 
Әзірбайжан президентінің көмекшісі халықаралық қауымдастықтарға Армения тарапының соғысқа дайындалып отырғаны туралы бірнеше рет мәлімдегенін жеткізді. 
«Қазіргі шиеленіскен жағдайдың барлық жауапкершілігі мен алдағы уақыттағы жағдайдың өрбитін бағыты Арменияның әскери-саяси басшылығының мойынында», - деді Гаджиев. 
Таулы-Қарабақ Республикасының билігі Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайдың ушығуына байланысты елде әскери жағдай жариялаған. Армениялық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, бұл туралы дербес мемлекет ретінде танылмаған республиканың басшысы Араик Арутюнян мәлімдеген екен. 
«Біз 18 жасқа толған азаматтарды мобилизациялауды бастадық. Елде әскери жағдай жарияланады», - депті ол. 
Басу
benemid online order - monograph for sale carbamazepine 400mg over the counter

order voltaren 50mg for sale - voltaren tablet buy aspirin generic

order accutane 20mg online cheap - buy dexamethasone generic order zyvox 600 mg online cheap

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: