Mazir
28 сен 11:00korilim:1 100 Sayasat / Halyqaralyq

ДДСҰ: Әлем пандемия аяқталғанға дейін тағы миллион адамнан айырылуы мүмкін


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа қарсы тиімді вакцина кең таралғанға дейін COVID-19-дан 2 миллионға жуық адам қайтыс болатынын жоққа шығармайды, деп мәлімдеді ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан жұма күнгі брифингте.

«Әрине, елестету қиын. Себебі біз 9 айда миллион адамнан айырылдық, ал біз алдағы 9 айда тиімді вакцинаның пайда болуын күтеміз», - деді ол.


Сонымен қатар, Райан ауруханаға түскен науқастар арасындағы өлім-жітімнің азайып бара жатқанын атап өтті.  Әлемде адам өліміне жол бермеу үшін өткен тоғыз айдан сабақ алуға мүмкіндіктер бар.

28 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны дүниежүзінде 1 002 383 адамды құрайды.

Инфекциядан қайтыс болғандар саны бойынша "көшбасшы" болып - АҚШ 209,5 мың (өлім), Бразилия - 141,7 мың (өлім), Үндістан - 95,5 мың (өлім) тұр. Қазақстанда, ресми мәліметтер бойынша, коронавирус салдарынан 1699 адам қайтыс болды. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: