Премьер-министр Никол Пашинянның әйелі әскери дайындықтан өтіп, Қарабаққа барады.
«Ертеңнен бастап 13 әйелден тұратын отряд әскери дайындықты бастаймыз. Бірнеше күннен кейін біз «Отанымызды қорғауға аттанамыз». Біз Отанды да, абыройымызды да жауға бере алмаймыз», - деп жазды Анна Акопян Facebook-те.
Акопян 27 қазанда әйелдер батальонында әскери дайындық басталатынын, содан кейін олар Отанын қорғау үшін республиканың шекарасына аттанатынын мәлімдеді.
Отряд құрамына 18 мен 27 жас аралығындағы қыздар мен әйелдер кіре алады.
Қазан айының басында Пашинянның ұлы Ашоттың Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыстар шиеленісіп жатқан кезде армияға өз еркімен барғаны белгілі болды.
Басу