Масктың айтуынша, бұл мақсатына шамамен алты жылдан соң жетеді.
"Егер біздің жолымыз болса, төрт жылдан кейін болуы мүмкін. Біз екі жылдан соң онда ұшқышсыз басқарылатын кеме жібергіміз келеді", - дейді миллиардер Берлинде өткен Аксель-Шпрингер марапатын табыстау салтанатында. Кәсіпкер 2016 жылы қыркүйекте егер бәрі жақсы болса, Марсқа 10 жылдан соң адамдарды орналастыруымыз мүмкін екенін айтқан. Бұл мақсатқа жетудің кілті - SpaceX-тің тот баспайтын болаттан жасалған Starship зымыранын жасауы болып отыр. Компания соның көмегімен Ай мен Марсқа жүктерді және бір мезетте 100 адамды тасымалдауды жоспарлауда.