Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазіргі COVID-19 соңғы пандемия болмайтынын ескертті, сондықтан одан сабақ алуға шақырды.
«Тарих бізге бұл соңғы пандемия емес екенін және эпидемиялар өмірде кездесетін жағдай екенін көрсетті», - деді Гебрейесус 27 желтоқсан күні өтетін Халықаралық эпидемияға қарсы дайындық күніндегі бейнеүндеуінде.
ДДҰ басшысының айтуынша, соңғы 12 айда әлем "төңкеріліп" кетті, ал пандемияның инфекция таралуымен қатар қоғамдар мен экономикалар үшін үлкен салдарлары болды.
«Біз бәріміз пандемия үйретіп жатқан сабақтарды меңгеруіміз керек. Біріншіден, барлық ел төтенше жағдайлардың алдын алу, анықтау және салдарын жеңілдету үшін дайындыққа инвестиция жасауы керек», - деді Гебрейесус алғашқы медициналық-санитарлық көмектің маңызын атап өтіп.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялаған болатын. ДДҰ-ның соңғы деректері бойынша дүние жүзінде коронавирус жұқтырудың 78 миллионнан аса жағдайы анықталды, 1,7 миллионнан астам адам қайтыс болды.
Басу