Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Қазақстан Қырғызстан армиясына гуманитарлық көмек жіберуге дайын. Бұл туралы Қырғызстан мен Қазақстан басшысы қатысқан брифингте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Келіссөздер барысында коронавирусқа қарсы бірлескен жұмыстар талқыланды. Қазақстан қырғыз халқына кезекті гуманитарлық көмек ретінде медициналық құрал мен дәрі-дәрмек жіберуге дайын екенін растады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қырғызстанның қарулы күштеріне әскери-техникалық көмек көрсетілетінін мәлімдеді»,- делінген Ақорда сайтында.
Мемлекет басшысы Қазақстан Қырғызстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі екенін және инвесторлар қатарында көш басында тұрғанын айтты.
«Біз соңғы 15 жылда бұл елге 1 миллиард доллардан аса қаржы құйдық. Қазақ инвесторлары қырғыз экономикасының маңызды салаларын өркендетуге, әлеуметтік ахуалын жақсартуға қомақты үлес қосып келеді. Жаңа жұмыс орындарын ашып, өндіріс секторы мен қаржы нарығын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Осы орайда біз өзара инвестицияларды қолдауға және қорғауға келістік», – деді Тоқаев