Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

SpaceX-тің алғашқы ғарыштық турисі болатын жапондық миллиардер Юсаку Маедзава Айға өзімен бірге ұшатын сегіз адам іздейтінін жариялады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасындағы видео-хабарламада мәлімдеді.
«Мен бұл миссияға қатысу үшін команда жинап жатырмын. Бұл сапарға 10-12 адам қатысады, менің тобыма сегіз адам керек», - деді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, рейс 2023 жылы өтеді. Конкурсқа қатысу үшін үміткер екі шартты орындауы керек: біріншіден, ол өзінің қызметі туралы әңгімелеп, оның Айға ұшуы қоғамға несімен пайдалы болатынын түсіндіруі керек, екіншіден, ол ынтымағы жарасқан топтың мүшесі болуға дайын болуы тиіс.
Маедзава 45 жастағы миллиардер. Кәсіпкер Жапониядағы ең ірі интернет-дүкендерінің бірі Zozotown-ды құрған. 2019 жылдың қыркүйегінде кәсіпкер өзінің үлесінің көп бөлігін Yahoo Japan-ға сатуға шешім қабылдады.
Топқа тіркелу үшін өтінішті мына жерде қалдыра аласыз: https://dearmoon.earth/
Басу