Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Гиффордпен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері айтылды. Палата спикері келесі жылы Қазақстан мен Британия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын айтты. Осы жылдар ішінде сенімді саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың белсенді дамығанын жеткізді.
Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Британ ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі елдер арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік бергеніне назар аударды.
Ал Майкл Гиффорд екі жақты қарым-қатынастың деңгейін жоғары бағалап, экономикалық серіктестік пен парламентаралық байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Елші Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформаларды қолдайтынын жеткізді.
Фото: Ж.Құспанов
Басу