Mazir
22 май 20:36korilim:848 Sayasat / Halyqaralyq

Лондон, Нью-Йорк және Шанхай 2100 жылға қарай су астында қалуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін атмосфераға көміртегі диоксиді шығындыларын тастау тоқтатылмаса, 2100 жылға қарай теңіз деңгейі бір метрден жоғары көтерілуі мүмкін деп есептеліп келген еді. Алайда, британдық және америкалық ғалымдардың бірлескен зерттеулері нәтижесінде бұл көрсеткіш мүлдем өзгеше болып шықты, деп хабарлайды ВВС.
Гренландия және Антарктикадағы мұз жабындылары аумағының азаю қарқынына қарап ғалымдар әлемдік мұхиттардағы су деңгейінің нақты өсу қарқыны екі есе жоғары болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Климаттың өзгеруі салдарынан Лондон, Нью-Йорк және Шанхай қалаларын су басып қалуы мүмкін. Миллиондаған адамның өмір сүру үшін басқа орын іздеуіне тура келеді.
Америкалық Ұлттық ғылым академиясының журналында жарияланған ғалымдардың болжамына сүйенсек, атмосфераға СО2 шығындыларын тастау тоқтатылмаса, 2100 жылға қарай жаһандық орташа температура 5 градусқа және мұхит деңгейі 62-ден 238 см-ге дейін көтеріледі.
Осының салдарынан 1,79 миллион шаршы шақырым жер су астында қалып,  187 миллион адам мекендеу орнын өзгертуге мәжбүр болады.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Мемлекет басшысы Ердоғанға көңіл айтты13:21Қазақстанда жаңа мереке пайда болады12:47Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті11:30Коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты10:00Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды18:39Мамин Chevron басшылығымен кездесті16:34Ескі кірме сөздерді латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазу жайында16:00Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа15:30Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды14:48Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды13:45Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды12:37Қазақстан: Балаларды қашықтан оқыту үшін 442 млрд теңге жұмсалған11:35Қазақстанның жеті аймағында жолдар жабылды10:03Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жасқа толуымен құттықтады17:35Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі16:53