Mazir
26 июн 09:59korilim:456 Sayasat / Halyqaralyq

Қытай Украинаға вакцина тасымалдауды тоқтатпақшы


Қытай билігі Украинаға CoronaVac вакцинасының тасымалдануын тоқтататынын мәлімдеп отыр. Бұл туралы Associated Press дипломатиялық дереккөзі хабарлаған. 

Қытай тарапының бұл әрекетіне Киевтің жоғары билігі Женевадағы Адам құқықтары кеңесінің ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймақтарындағы адам құқықтары мәселелерін терең зерттеу жөніндегі құжатқа қол қоюы себеп болыпты. 
Осыдан кейін Бейжің украиналық контрагенттерге 500 мың доза медициналық препараттың тасымалдануын тоқтатуға мәжбүр екенін жеткізген. 
«Украина Қытайдың құрбаны болды. Бейжің вакцинаны қару сияқты пайдаланып отыр», - деп пікір білдірген АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуланд. 
Нәтижесінде 24 маусым күні Украина тарапы Шыңжаң-Ұйғыр мәселелері жөніндегі құжатқа қол қоюдан бас тартып, шегініс қадам жасады. 

Украина Қытаймен 1,9 миллион доза вакцина жеткізу туралы келісімге келген. Бүгінгі күні Киев бұл мөлшердің 1,2 миллион жозасын алып үлгерді. Сонымен қатар, Украина америкалық Pfizer және Novavax вакциналарын, британ-швед өндірісінің AstraZeneca вакцинасын алуға келісім-шарт жасасқан. 
Басу
buy lasuna paypal - brand himcolin cheap himcolin without prescription

buy diclofenac without a prescription - purchase aspirin for sale brand aspirin 75mg

how to get rumalaya without a prescription - order endep 10mg pill buy elavil 10mg generic

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: