Mazir
27 дек 14:25korilim:504 Sayasat / Halyqaralyq

Нұр-Сұлтанға шетелдік туристер 1,9 миллиард теңге әкелді

Жалпы, 2019 жылы елордада 600-ден астам түрлі форматтағы ауқымды шаралар өтті, олардың 180-і халықаралық деңгейде өткізілген, деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан» инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.

 Елордада 2019 жылғы ең маңызды оқиғалар: отандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі, Астана экономикалық форумы 2019, I Азия жазушыларының форумы, VII Қазақстан машина жасаушылар форумы, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (ICAA) 14 конференциясы, Global Innovation Summit 2019, PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі, Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кездесуі, XII Еуразиялық KAZENERGY форумы, Digital Bridge 2019 және Seedstars Sume CEE 2019.

 Сондай-ақ, өткен жылы Нұр Сұлтан қаласында планетаның үздік спортшылары хоккей, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, грэпплинг, киокушин каратэ және пауэрлифтинг, триатлон бойынша Әлем кубогы және Ironman 70.3, Астана марафоны 2019  сынды чемпионаттарда бақ сынасты.
Өткен жылғы іс-шаралар аясында Нұр сұлтанға 15 мың шетелдік турист келіп, тікелей кіріс 1,9 миллиард теңгені құрады.

 Келесі жылы елордада мынадай ірі іс-шаралар жоспарланған: Smart City EXPO Дүниежүзілік конгресі,  InvestPro бизнес-конференциясы, MachExpo Қазақстан 2020, AgriTek Nur-Sultan 2020, Nur-Sultan тау-кен металлургия конгресі (NMM) 2020 , TravelExpo Nur-Sultan. Сондай-ақ Fira de Barcelona көрме ұйымымен SmartCity Expo World Congress көрмесін өткізу туралы келісімшарт өз күшіне енді.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиын өткізді17:20Ереван: Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді15:40ҚР ДСМ: Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі14:42Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды12:41Цой: Қазақстанда биоқауіпсіздік туралы заң әзірленеді11:46Ержан Біржанов еңбек вице-министрі болып тағайындалды10:40Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін берілетіні белгілі болды09:56ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады09:44Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады09:00Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады08:29Түркістандағы қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды16:35Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды14:31Түркістан: Төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды12:34Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды10:20Түркістанда бес адам иіс тиіп көз жұмды21:58