Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Армения астанасы Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 15 адамға жетті. Бұл туралы сейсенбі күні Армения Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 15 адамның мәйіті табылды.
Ереванның медициналық мекемелеріне 60 зардап шегуші жүгінді, олардың 12-сі емделуде, 48-і ауруханадан шығарылды.
16 тамыз күні таңертеңгі жағдай бойынша 18 адам хабар-ошарсыз кеткен. Армения ТЖМ баспасөз хатшысы Айка Костанянның айтуынша, олардың арасында бір Ресей азаматы бар. Сондай-ақ тізімде тағы бір шетелдік, Иран азаматы бар. Қалғандары – Армения азаматтары.
Оқиға орнындағы жұмыстарға 185 құтқарушы, 20 су тасығыш, Ереван мэриясының қосымша 7 техникасы жұмылдырылды.
Армения Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, 14 тамызда сауда орталығының пиротехникалық заттар қоймасында жойқын жарылыс болған. Өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылып құлаған. Үйінділер 8000-9000 шаршы метр аумақты алып жатыр.