Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Шығыстанушы, орыстың танымал жазушысы Дмитрий Косырев жаңа коронавирустың айналасында туған дүрбелеңнің кім үшін қажет екендігін айтты.
Оның айтуынша, әлемде ауыр дерт тараған сәттер аз емес. Алайда Қытайдағы тараған вирустың айналасындағы шу тіптен тез тарап кетті. Мысалы, 2019 жылдың қазанынан бастап АҚШ-та тұмау індетінен шамамен сегіз мың адам қайтыс болған. Ал тұмауды жұқтырып ауырып қалған адам саны -15 миллионға жетті. Алайда олкезде мұндай дүрбелең болған емес. Сол сияқты әлемде Эбола вирусы да талай адамның жанын қиды, тіпті, әлі де өршіп тұр. Бірақ қазір бүкіл әлем коронавирусты ғана талқылап кетті. Косырев бұл "геосаяси қарсыласты жою" тәсілі болуы мүмкін деп есептейді. Яғни, Қытайдың дұшпандары мұндай дүрбелеңді қолдан жасап, арнайы шиеленіске айналдырып отыр.
Сонымен қатар, шығыстанушы бұл вирус шынымен де қауіпті және сақтық шаралары "артық болмайтынын" атап өтті. Алайда осы ахуалды саяси жағдайды бұзу үшін де, тіпті қытайға қарсы қорқыныш пен үрейду ушықтыру үшін де қолдануға болатынын ескеру қажет. Сонымен қатар, індетке байланысты басқа елдердің экономикаларына үлкен ақша әкеліп жатқан қытайлық туристер де елден шыға алмайды.
-«Мұндай геосаяси ойынмен бәселекесті қысуға немесе мұндай дүрбелеңнен үлкен байлыққа кенелуге болады. Әйтпесе, әлем алдында тұрған мәселе өте көп. Мәселен, ғаламшардың жылынуы. Бірақ оны ешкім сөз етіп жатқан жоқ,»- деді Косырев.