Mazir
15 май 09:22korilim:3 586 Sayasat / korshi elderde

Өзбекстан билігі Каримованың шетелдегі ақшасын қайтарды


Өзбекстанның Юстиция министрлігі мен Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримованың Франциядағы 10 миллион доллар активін елге қайтарды. 
«Бұл қаражат Өзбекстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне қосылып, ел иігілігі үшін жұмсалады», - деп мәлімдеді Юстиция министрлігі. 

Билік өкілдері Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей мемлекеттерімен бірлесе отырып Каримованың барлық қаражатын елге қайтаруды көздейтіндерін жеткізді. Оның жымқырған қаражатының игерілмеген бөлігі 1,3 миллиард долларды құрайды. 

Каримова 13 жыл төрт айға сотталған. Сонымен қатар, бұрынғы президенттің қызымен бірге мемлекеттік бюджеттен ақша жымқырып, оны өзіне сіңіру үшін қылмыстық әрекетке барған тағы бірнеше адам сотталды. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: